(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ ПАЙД...

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығы

(2024.23.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.02.03. № 94 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024.06.03. № 60 бұйрығымен алып тасталды (2024 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің орнықты санының нормативтері;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 9 сәуір

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.