«Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 17 Қаулысы

«Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 17 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13310 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы қаулымен бекітілген Номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларында:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) брокердің сауда платформасы - қор биржасының сауда жүйесінде және (немесе) халықаралық бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен операциялар туралы, қор биржасының сауда жүйесінде шетел валютасымен операциялар (қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қатысты), клиенттің бағалы қағаздарының портфелі және өзге де қаржы құралдары туралы ақпарат, өзге де ақпарат алуды, сондай-ақ клиентке электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерін қоса алғанда, брокердің бағдарламалық және техникалық құралдарының жиынтығы;»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) сауда операциясы - брокер клиенттің тапсырмасына сәйкес мыналар бойынша жүзеге асыратын операция:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.