(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН БОЛЖАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАС...

Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығы

(2026.05.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.21.04. № 146 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

«Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген);

«Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 190 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28373 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.