«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 282 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 282 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының жүз отыз бесінші және жүз алпыс төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

3-тармақта бір жүз отыз бесінші және бір жүз алпыс төртінші абзацтар мәтінде жоқ

«3-тармақта бір жүз отыз бесінші және бір жүз алпыс төртінші абзацтардың болмауы және қолданысқа енгізілу тәртібін түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № ЖТ-2026-02092319 хатын қараңыз

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жоғары аудиторлық палатасы

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2026 жылғы 28 сәуірдегі

№ 282 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.