«Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облысы Шалкар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 3 маусымдағы № 265 шешімі

Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақтөбе облысы Шалкар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 3 маусымдағы № 265 шешімі

 

Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 «2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 7120091,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 4371611,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 20351,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 2728129,7 мың теңге;

2) шығындар - 7855460,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттер - 365786,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 440846,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 75060,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1101154,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1101154,7 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 440846,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 75060,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 735368,7 мың теңге.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6.Аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ бюджеттеріне 2024 жылға аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 1190460,6 мың теңге сомасында 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

мынадай мазмұндағы 7-1 тармағымен толықтырылсын:

«7-1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен жергілікті атқарушы органында кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрғын үйді сатып алу үшін қарыздар берілгені ескерілсін.»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.