«Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 429 бұйрығы

«Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 429 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12360 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз етудің (әуеайлақ қызметінің) негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

1) ұшу алаңдары элементтерінің жағдайын бақылау;

2) осы Қағидаларға, азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттарға, ИКАО құжаттарына сәйкес әуеайлақтың ұшу алаңын тұрақты пайдалану дайындығында ұстау;

3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес әуеайлақты қауіпсіз пайдалануға жағдайының өзгеруі және/немесе жарамдығы туралы ақпаратты әуе қозғалысын басқару қызметіне және аэронавигациялық ақпарат қызметіне дұрыс және уақытылы ұсыну;

4) әуеайлақ жанындағы аумақатардың жағдайын бақылау (таңбалау жағдайы мен бар кедергілерді жарықпен қоршау, келісілмеген объектілерді тұрғызу мен құрылысын анықтау).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.