«Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/610 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 24 шілдедегі № 290-НҚ бұйрығының 73 - тармағына (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34809 тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8347 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Күмпекеев |
әкімдігінің қаулысына
қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 28 қаңтардағы
№ А-1/148 қаулысына
1-қосымша
Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
| № | Орналасқан орны | Қызмет саласы | Орындар саны, алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |