«Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 132-ө Өкімі

«Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 132-ө Өкімі

 

«Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген өкіммен құрылған Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Комиссия қызметінің мақсаты экономиканы монополиясыздандыру және оған мемлекеттің қатысуын қысқарту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Шұғыл мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен Комиссияның сырттай отырысы өткізілуі мүмкін.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Комиссияға:

1) телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиаактивтер және басқа салаларды монополиясыздандыру;

2) жеке кәсіпорындардың тауар нарықтарына жаппай қатысуын ынталандыру мақсатында мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту;

3) өндірістің негізгі факторларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

4) шектеулі ресурстармен биржалық және конкурстық сауда-саттық көлемін ұлғайту, биржалық сауда-саттық тізбесін кеңейту;

5) монополиялық нарықтарды қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлердiң бағалары мен тарифтерiн реттеу, тарифтерді кросс-субсидиялау тәжірибесін жою бойынша шаралар қабылдауды қоса алғанда, бәсекелестiктi дамытуды тежейтін кедергiлердi жою мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі міндеттер жүктеледі.»;

мынадай мазмұндағы 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

«7. Басқа консультативтік-кеңесші органдардың мәселелерін қарауды қайталамау мақсатында Комиссия өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес келмейтін мәселелерді қарамайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.