«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 483 бұйрығы

 «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 483 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) әзірленген аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) аудиторлық қызметін лицензиялау тәртібін көрсетеді.»;

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz, «цифрлық үкімет» веб-порталы» (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.