Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 Қаулысы
(2022.29.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 780 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2022.29.03. № 174 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.