Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 593 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесінің белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жіберілуін;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Министрдің м.а. | З. Баймолдина |
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 593 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1) «Борышкердің мүліктік жағдайы туралы ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6756 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 сәуірдегі №141-144 (26546) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);