«Тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелер туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығы (2017.31.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелер туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығы

(2017.31.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 568 бұйрығымен 2021 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының мәмілелері туралы брокерлермен ұсынатын мәліметтерінің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарларының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарларының мәмілелері туралы брокерлермен ұсынатын мәліметтерінің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.