«Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 18 қарашадағы № 329 бұйрығы

 «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 18 қарашадағы № 329 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20790 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;

4, 4-1 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) не «электрондық үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүгінеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.