ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 64) жəне 65) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінетін, тараптарының бірі жеке тұлға болатын мəміле шеңберінде Интернет желісінің ресурстары пайдаланылып, электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғаларға өткізуге арналған тауарлар. Жеке тұлғалар арасындағы мəміле көрсетілген мəмілеге жатпайды;
14-2) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары - Интернет желісі ресурстары пайдаланыла отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлға мен шетелдік тұлға арасындағы мəміле не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлға мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы арасындағы мəміле шеңберінде электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алған, осындай тауарларды алушылар болып табылатын жеке тұлғалардың атына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін немесе тасымалдаушы өткізетін тауарлар. Жеке тұлғалар арасындағы мəміле көрсетілген мəмілеге жатпайды;»;
«64) электрондық сауда тауарлары - жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары жəне жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары;
65) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж - жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелуге байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем.»;
2) 8-баптың 4-тармағы «тауарлар» деген сөзден кейін «, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 24-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «сондай-ақ уəкілетті экономикалық операторлар тізіліміне» деген сөздер «уəкілетті экономикалық операторлар тізіліміне, сондай-ақ электрондық сауда операторларының тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 33-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жəне 45-тарауларына» деген сөздер «, 45 жəне 45-1-тарауларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «жəне 45-тарауларына» деген сөздер «, 45 жəне 45-1-тарауларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «39-тарауына» деген сөздер «39 жəне 45-1-тарауларына (жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 65-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігіндегі «жəне 392-бабының 3-тармағында» деген сөздер «, 392-бабының 3-тармағында жəне 392-6-бабының 17-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ «тауарларға» деген сөзден кейін «, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 74-бапта:
1-тармақ 5) тармақшасындағы «алымдар жатады.» деген сөздер «алымдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж жатады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты - кедендік баж жəне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес салықтар төленуге тиіс.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 45-1-тарауына сəйкес төленуге тиіс.
Осы тараудың жəне осы Кодекстің 8, 9, 10, 11 жəне 12-тарауларының ережелері осы Кодекстің 45-1-тарауында көзделген жағдайларда қолданылады.»;
8) 83-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «жəне 392-бабының 3-тармағында» деген сөздер «, 392-бабының 3-тармағында жəне 392-6-бабының 17-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «декларацияда,» деген сөзден кейін «электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 84-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «қоспағанда,» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 392-7-бабының 4-тармағы ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 85-бапта:
1-тармақтағы «жəне 392-баптарына» деген сөздер «, 392-баптарына, 392-6-бабының 14-тармағына жəне 392-7-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «жəне 392-баптарына» деген сөздер «, 392-баптарына, 392-6-бабының 15-тармағына жəне 392-7-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 86-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы «декларацияда» деген сөзден кейін «, осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кедендік рəсіммен орналастырылатын, бір жеке тұлға алушысы болып табылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 90-баптың 1-тармағындағы «жəне 392-баптарына» деген сөздер «, 392-баптарына, 392-6-бабының 17-тармағына жəне 392-7-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 91-баптың 3-тармағындағы «Кедендік» деген сөз «Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы аяқталған кезде осындай кедендік рəсіммен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын қоспағанда, кедендік» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 109-баптың 2-тармағы «декларацияда» деген сөзден кейін «немесе электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 135-баптың 4-тармағы «қатысты» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 136-бапта:
1-тармақтағы «жəне 378-баптарына» деген сөздер «, 378-баптарына, 392-6-бабының 14-тармағына жəне 392-7-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «жəне 378-баптарында» деген сөздер «, 378-баптарында, 392-6-бабының 15-тармағында жəне 392-7-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 137-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы «бір декларацияда» деген сөздерден кейін «, осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кедендік рəсіммен орналастырылатын, бір жеке тұлға алушысы болып табылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 138-баптың 1-тармағындағы «жəне 378-баптарына» деген сөздер «, 378-баптарына, 392-6-бабының 17-тармағына жəне 392-7-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 141-баптың 14-тармағы «декларацияда» деген сөзден кейін «немесе электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 148-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды осындай тауарлардың декларанты жасаған жағдайда қолданылмайды.»;
21) 149-баптың 4-тармағындағы «жəне 364-бабының 8-тармағында» деген сөздер «, 364-бабының 8-тармағында жəне 392-4-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 150-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының ережелері осы Кодекстің 528-7-бабының 3 жəне 4-тармақтарының ережелері ескеріле отырып қолданылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Декларант осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, кедендік декларацияда анық емес мəліметтерді мəлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз, оның ішінде қолдан жасалған жəне (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мəліметтер қамтылған құжаттарды ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады, бұған:
1) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген;
2) осы Кодекстің 528-7-бабының 5-тармағына сəйкес электрондық сауда операторы осындай жауапты болатын жағдайлар жатпайды.»;
23) 158-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
«көшірмесін,» деген сөзден кейін «электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны немесе оның көшірмесін,» деген сөздермен толықтырылсын;
«осындай декларация немесе транзиттік декларация» деген сөздер «осындай декларация, электрондық сауда тауарларына арналған декларация немесе транзиттік декларация,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тауарларға арналған декларация» деген сөздерден кейін «, электрондық сауда тауарларына арналған декларация» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 175-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жəне 364-бабының 2-тармағында» деген сөздер «, 364-бабының 2-тармағында жəне 392-2-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «халықаралық» деген сөз «жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын қоспағанда, халықаралық» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 176-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электрондық сауда тауарларына арналған декларация.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық сауда тауарларына арналған декларация осы Кодекстің 392-4-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.»;
26) 179-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) осы Кодекстің 392-10-бабында көрсетілген, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының мəлімделген құнын растайтын құжаттар.»;
27) 180-бапта:
10-тармақ «декларацияда» деген сөзден кейін «не электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Осы Кодекстің 175-бабының 5-тармағына сəйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация қағаз жеткізгіште берілетін (кеден органына электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беретін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүретін) жағдайды қоспағанда, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беру кеден органына онда мəлімделген мəліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүрмейді.»;
28) 182-баптың 3-тармағы «Тауарларға арналған декларацияны,» деген сөздерден кейін «электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны,» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 183-баптың 6-тармағының бірінші жəне үшінші бөліктеріндегі «жəне көлік құралына арналған декларацияда» деген сөздер «, көлік құралына арналған декларацияда жəне электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 185-баптың 9-тармағы «тауарларды,» деген сөзден кейін «электрондық сауда тауарларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 192-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда жеке тұлғалар сатып алған екі жəне одан көп электрондық сауда тауарлары туралы мəліметтер мəлімделген жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 392-5-бабының 1-тармағында көзделген шығару шарттары сақталған электрондық сауда тауарларын шығаруды жүргізеді.
Тасымалдаушы жеткізетін бір жөнелтілімде (бір жеке жүкқұжат бойынша) немесе бір халықаралық пошта жөнелтілімінде бірнеше электрондық сауда тауарлары өткізілген жағдайда, егер осы Кодекстің 392-5-бабының 1-тармағында көзделген шығару шарттары тиісті жөнелтілімдегі барлық тауарға қатысты сақталса, осы тармақтың ережелері қолданылады.»;
8-тармақта:
«құралдары мен керек-жарақтарға» деген сөздер «құралдарына, керек-жарақтарға жəне жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жəне 41-тарауларында» деген сөздер «, 41-тарауларында жəне 392-5-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 193-бабының 9-тармағындағы «немесе кеден өкіліне» деген сөздер «, кеден өкіліне немесе электрондық сауда операторына» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 216-бап мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды.
Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 392-7-бабына сəйкес туындайды, тоқтатылады жəне орындалуға тиіс.»;
34) 235-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рəсімі осы Кодекстің 392-6-бабында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.»;
35) 236-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
«ал осы Кодекстің» деген сөздер «осы Кодекстің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орындарға» деген сөзден кейін «, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының - осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, осындай тауарлардың декларанты болып табылатын электрондық сауда операторының құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөліктерінде) жəне (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 237-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «, ал кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары осы Кодекстің 392-6-бабының 4 жəне 5-тармақтарына сəйкес осындай кедендік рəсімнің қолданысын аяқтау үшін қолданылатын кедендік рəсімдермен орналастырылуға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
37) 241-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы осы Кодекстің 392-6-бабына сəйкес аяқталады жəне тоқтатылады.»;
38) 242-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы баптың ережелері кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды.
Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 392-6-бабының 14, 15, 16, 17, 18 жəне 19-тармақтарына сəйкес туындайды, тоқтатылады жəне орындалуға тиіс.»;
39) 339-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы тараудың ережелері электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды.
Электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тəртібі мен шарттарының ерекшеліктері осы Кодекстің 45-1-тарауында айқындалған.»;
40) 45-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«45-1-тарау. Электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тəртібі мен шарттарының ерекшеліктері
392-1-бап. Электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тəртібі мен шарттары туралы жалпы ережелер
1. Осы тарауда электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелу, олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы жəне пайдаланылуы, электрондық сауда тауарларын уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен жəне шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау тəртібі мен шарттарының ерекшеліктері, электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рəсімін қолдану, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетілетін осындай тауарлар мен электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік төлемдерді қолдану ерекшеліктері айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан электрондық сауда тауарларын əкетуге жол беретін кедендік рəсімдермен орналастыру шарттарын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан электрондық сауда тауарларын əкету тəртібі мен шарттарының ерекшеліктерін жəне осындай кедендік рəсімдерді қолдану ерекшеліктерін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетілетін электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды жасау тəртібінің ерекшеліктерін жəне осындай тауарларға қатысты кедендік төлемдерді қолдану ерекшеліктерін осы Кодекстің 392-8-бабының 5-тармағын ескере отырып, Комиссия айқындауы мүмкін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінген, кедендік операциялар электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің осы тарауда белгіленген тəртібі мен шарттарының ерекшеліктері қолданыла отырып жасалған электрондық сауда тауарлары шығарылғаннан кейін кəсіпкерлік қызметте пайдаланылмауға тиіс.
Көрсетілген электрондық сауда тауарларын кəсіпкерлік қызметте пайдалану фактілері анықталған кезде Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарында мəміле тарапы болып табылатын жəне осындай тауарларды кəсіпкерлік қызметте пайдаланатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
3. Комиссия осы тараудың ережелері қолданылмайтын электрондық сауда тауарларының жəне (немесе) электрондық сауда тауарлары санаттарының тізбесін айқындауға құқылы. Мұндай тауарлар осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген тəртіппен жəне шарттарда кедендік рəсімдермен орналастырылуға тиіс.
4. Осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы меншік иесі болып табылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінетін электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды. Мұндай тауарлар осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген тəртіппен жəне шарттарда кедендік рəсімдермен орналастырылуға тиіс.
392-2-бап. Электрондық сауда тауарларына қатысты жасалатын кедендік операциялар
1. Кедендік декларацияны берумен байланысты кедендік операцияларды, декларант жасайтын, оның ішінде кеден органдары кедендік бақылау жүргізген кезде жасалатын, осы Кодексте көзделген өзге де кедендік операцияларды:
1) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты - осы Кодекстің 392-4-бабының 4-тармағына сəйкес осындай тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыратын тұлға;
2) кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылатын (орналастырылған), сондай-ақ осы Кодекстің 392-6-бабының 4 жəне 5-тармақтарына сəйкес осы кедендік рəсімнің қолданысын аяқтау үшін кедендік рəсімдермен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты осындай тауарлардың декларанты болып əрекет ететін электрондық сауда операторы жасайды.
2. Осы Кодекстің 392-3-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу жəне пайдалану үшін кедендік рəсімдермен орналастырмай, осы тарауда көзделген тəртіппен жəне шарттарда кедендік декларациялануға жəне оларды кеден органдары шығаруға тиіс.
3. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу жəне пайдалану үшін осы Кодекстің 392-6-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін - шығару кедендік рəсімімен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкету үшін кері экспорт кедендік рəсімімен орналастырылады.
392-3-бап. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау ерекшеліктері
1. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау осы Кодекстің 17-тарауына сəйкес жəне осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе электрондық сауда операторларынан жалға алынған құрылысжайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөліктерінде) жəне (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) (бұдан əрі осы тарауда - құрылысжайлар (үй-жайлар, алаңдар) жүзеге асырылады.
Кедендік операцияларды бір электрондық сауда операторы жасайтын электрондық сауда тауарларын меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе басқа электрондық сауда операторынан жалға алынған құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) уақытша сақтауға жол беріледі.
Тауарларға осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының ережелері қолданылған жағдайда, электрондық сауда операторларының құрылысжайларында (үй-жайларында, алаңдарында) электрондық сауда тауарларымен бірге басқа электрондық сауда операторларының атына жалпы жүкқұжат немесе Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар бойынша келіп түсетін басқа да тауарлар сақталуы мүмкін.
3. Уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет - осы Кодекстің 174-бабына сəйкес, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен əкелінетін электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 371-бабына сəйкес туындайды, тоқтатылады жəне орындалуға тиіс.
4. Электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда, заңды тұлға уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларына қатысты оларды шығару үшін қажетті кедендік операцияларды жасауды осындай заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қамтамасыз етуге міндетті.
5. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтаудың осы Кодекстің 172-бабында көзделген мерзімі өткенге дейін жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік декларациялауды жəне өзге де кедендік операцияларды осы Кодекстің 392-4-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға жасамаған жағдайда, электрондық сауда операторы мұндай электрондық сауда тауарларын кеден органының рұқсатымен кедендік декларацияламай жəне кедендік рəсімдермен орналастырмай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетуі не мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рəсімімен немесе жою кедендік рəсімімен орналастыруы мүмкін.
Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетуге кеден органының рұқсатын алуға жəне ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тəртібін Комиссия айқындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетілетін электрондық сауда тауарларын тасымалдау (тасу) кедендік транзит кедендік рəсіміне сəйкес не бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай заңнамада белгіленетін жағдайларда жəне тəртіппен кедендік транзит кедендік рəсімімен орналастырылмай жүзеге асырылады.
Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рəсімін қолдану ерекшеліктерін айқындауы мүмкін.
392-4-бап. Электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын он алты жасқа толған жеке тұлғалар осындай тауарлардың декларанттары болып əрекет ете алады.
Осы Кодекстің 392-3-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда электрондық сауда операторы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының декларанты болып əрекет етеді.
2. Электрондық сауда операторы осы Кодекстің 392-6-бабының 4-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларына жəне 5-тармағына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтау үшін кеден қоймасы кедендік рəсімімен жəне өзге де кедендік рəсімдермен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының декларанты болып əрекет етеді.
3. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын, сондай-ақ жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын, оның ішінде осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларында жəне 5-тармағында көрсетілген кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтау үшін кедендік рəсімдермен орналастырылатын осындай тауарларды кедендік декларациялау электрондық сауда тауарларына арналған декларация пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтау үшін кедендік транзит кедендік рəсімімен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау транзиттік декларация пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда көрсетілуге тиіс мəліметтерді Комиссия осындай кедендік декларацияны толтыру тəртібін белгілеу кезінде айқындайды.
4. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторы не осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігіне сəйкес осындай тауарлардың декларанты болып əрекет ететін тұлға жүзеге асырады.