ҚР СТ 1863-2020
Жедел және арнайы қызмет автомобильдері, автобустары мен мотоциклдері
ТҮСТІ-ГРАФИКАЛЫҚ СХЕМАЛАР, ТАНУ БЕЛГІЛЕРІ, ЖАЗУЛАР,
АРНАЙЫ ЖАРЫҚ ЖӘНЕ ДЫБЫС
СИГНАЛДАРЫ
Жалпы талаптар
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт)
Нұр-Сұлтан
Мазмұны
4. Түсті-графикалық схемаларға қойылатын талаптар
5. Жабындарға қойылатын талаптар
6. Арнайы жарық және дыбыс сигналдарына қойылатын талаптар
В қосымшасы (міндетті) Эмблемалар
Г қосымшасы (міндетті) Жазулар мен сандардың қаріпі
Д қосымшасы (міндетті) Арнайы жарық сигналдарының колориметриялық және фотометриялық ерекшеліктері
Е қосымшасы (міндетті) Ксенонды салыстырмалы спектрлік таралуы
Жалпы талаптар
Осы стандарт:
а) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзетінің;
б) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының;
в) Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының;
г) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы органдарының;
д) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының;
е) Авариялық қызметтердің;
ж) Жедел медициналық көмектің;
з) Жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою мобилді топтарының;
и) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің;
к) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар департаментінің;
л) Экономикалық тергеу қызметі жедел бөлімшелерінің;
м) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел бөлімшелерінің;
н) Инкассация қызметінің;
о) Ұйымдастырылған велосипедшілер тобымен бірге жүретін көлік құралдарының;
п) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің;