Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-656/VI шешімі
(2025.10.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2022.30.03. № 14-219/VII шешімімен (2022 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.04.03. № 12-240/VIII шешімімен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2022.30.03. № 14-219/VII шешімімен (2022 ж. 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.04.03. № 12-240/VIII шешімімен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.