«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу » мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 59 бұйрығына 4-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2021 жылғы 11 маусымдағы

№ 59 бұйрыққа

4-қосымша

 

 

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу »

мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Инфрақұрылым қағидалары) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі -Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес әзірленді және «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Инфрақұрылым қағидаларына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері болып табылатын, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті тегін негізде көрсетеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін осы Инфрақұрылым қағидасының 1-қосымшасына сәйкес ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.