15) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуға;
16) 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалануға;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, олардың негізгі құраушы бөліктерін, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлейтін, өндіретін, жөндейтін, сақтайтын, пайдаланатын, жоятын, сататын, коллекциялайтын және экспонаттайтын орындарға тексерулер жүргізуге;
19) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалануға;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізуге;
21) жеке тұлғаларды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына жеткізуге;
22) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілерді ұстауға және оларды әскери полиция органдарына, әскери бөлімдер командирлеріне немесе жергілікті әскери басқару органдарының бастықтарына тапсыруға;
23) қаруды, оқ-дәрілерді, есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қоюға;
24) қылмыскерлер мен ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды, ұйымдасқан қылмыстық топтар (қауымдастықтар) мүшелерін табу, оқшаулау, залалсыздандыру және ұстау, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату жөнінде арнаулы операциялар жүргізуге;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) жеке адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшін жеткілікті мәліметтер болған кезде, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеке адамдардың жеке басының қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергісіз кіруге, оларды қарап тексеруге;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды байқауды және бақылауды қамтамасыз ету, электрондық бақылау құралдарының болуы мен тұтастығын тексеру мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, аумақтар мен жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан басқа), олардың жұмыс немесе оқу орны бойынша кез келген меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың өндірістік және өзге де үй-жайларына кедергісіз кіруге;
26) егер жеке тұлғалардың тұрғын жайларда, жергілікті жердің белгілі бір учаскелерінде болуы адамның өмірі мен денсаулығына, меншік объектілеріне қатер төндіретін болса, ұйымдардың жұмысын бұзса, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісіне кедергі келтіретін болса, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын, тергеу амалдары мен көпшілік іс-шараларды жүргізген жағдайларда олардың сол жерлерге кіруін немесе онда болуын шектеуге, оған уақытша тыйым салуға;
27) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттарын пайдалануға;
28) ғылыми-техникалық және өзге де зерттеулер жүргізуге;
29) ведомстволық және жедел есептерге алуды құруға, пайдалануға және жетілдіруге;
30) күдіктілерді, айыпталушыларды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұсталатын, профилактикалық есепке алынған адамдарды криминалистік есепке қою үшін суретке түсiруге, дактилоскопия жасауға, дыбыс жазбасын, кино- және бейне түсiрiлiмiн жүргізуге, биологиялық, одорологиялық және басқа да үлгілерді алуға;
31) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құруға, пайдалануға және жетілдіруге;
32) әкімшілік немесе қылмыстық заңнаманың күші қолданылатын іс-әрекеттер жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына жеткізуге, оларды жеке тексеріп қарауды жүзеге асыруға;
33) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағындағы және режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтағы адамдарды, олардың заттарын, көлiк құралдарын тексеріп қарауды жүргiзуге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде болғанын анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуге;
35) көлік құралдарының жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына және оған iргелес аумаққа кіргізбеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде оларды сонда қалуға не сол жерден кетуге мiндеттеуге;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне тартуға;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;
38) ішкі істер органдарының қызметін жария ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартуға;
39) ішкі істер органдарының әуе кемелеріне өтеусіз аэронавигациялық қызмет көрсетуге;
40) дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға;
41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзған жағдайда, ішкі істер органдары бұл құқықтарды қалпына келтіруге, келтірілген залалдың орнын толтыруға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлілердің жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етуге міндетті.
3-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
7-бап. Ішкі істер органдары жүйесі
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрайды.
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Полицияны криминалдық полиция, әкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері және өзге де бөлімшелер құрайды.
Криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
Əкімшілік полиция учаскелік полиция инспекторларының бөлімшелерінен, кəмелетке толмағандар істері жөніндегі, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, патрульдік полициядан, табиғатты қорғау полициясынан жəне құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тəртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден, азаматтық жəне қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау бөлімшелерінен, көші-қон полициясынан, айдауылдау қызметінен, арнаулы мекемелерден жəне қоғамдық тəртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), ведомстволардан, аумақтық полиция органдарынан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдары болып табылады.
2016.30.12. № 39-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қылмыстық-атқару жүйесін ведомство, оның аумақтық органдары, пробация қызметі және жазаларды орындайтын мекемелер, өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ұлттық ұланның құрамы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
5-1. 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Ішкі істер министрі) жүзеге асырады.
1. Ішкі істер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ішкі істер министрлігінің туы, жалауы және рәмізі болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады.
Ішкі істер министрлігі туының, жалауының және рәмізінің, аумақтық органдар мен жоғары оқу орындары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
1. Ішкі істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Ішкі істер министрі басқарады.
1) iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 156-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті бастығын лауазымға тағайындайды;
4) ішкі істер органдары қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен шығарады;
5) көтермелейді, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттайды;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар беруге ұсыныс енгізеді;
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымдарына тағайындауға ұсыну енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының Президенті алдында ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп береді;
10) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдарының орындауы үшін міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
11) өзінің орынбасарларына, Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына өкілеттіктер береді;
12) мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарда Ішкі істер министрлігі атынан өкілдік етеді;
13) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттарға қол қояды;
14) ішкі істер органдарындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
15) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-1-бап. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) ішкі істер органдарының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Ішкі істер министрлігі туралы ережені бекітеді;
2-1) 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) -8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекітеді;
11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердің тізбесін бекітеді;
13) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын бекітеді;
16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Ішкі істер министрлігінің құзыреті
Ішкі істер министрлігі:
1) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
4) есiрткiнің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, олардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдалануына қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) азаматтық, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) қылмыстық-атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
6) ішкі істер органдары жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
8) мемлекеттiк күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектiлердi күзетудi ұйымдастырады;
9) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
10) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) ішкі істер органдарындағы лицензия-рұқсат беру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды, қамаққа алынғандарды және сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды қамтамасыз етеді;
14) - 16) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастырады және ішкі істер органдарында құпиялылық режимiнiң сақталуын ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
18) - 22) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) ішкі істер органдары жүйесіндегі жұмылдыру даярлығын жоспарлауды, ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады, жүктелген жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстарының орындалуын қамтамасыз етеді;
24) - 26-1) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
26-2) ішкі істер органдарының мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, ішкі істер органдары қызметінің мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әкiмшiлiк полицияның және пробация қызметінің штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен ұстауды қамтамасыз етедi;
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттары ахуалдық орталықтарының электрондық поштаның, бейне конференциялық байланыс және бейнебақылау жүйесінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ пробация қызметтерінің және аумақтық ішкі істер органдарының коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса алғанда, қызметтік үй-жайларды, радиобайланыс құралдарын, мобильді және портативті бейнетіркегіштерді, көлік құралдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді;
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) пробация қызметтерін және учаскелік полиция инспекторларын қызмет көрсететін учаскелерінде жұмыс істеу үшін жиһазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған үй-жайлармен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
3) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады;