Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 168 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (коды 161101108, индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (коды 161101108, индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Инвестициялық қызмет туралы есеп» (коды 161112108, индексі 1-инвест, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Инвестициялық қызмет туралы есеп» (коды 161112108, индексі 1-инвест, кезенділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (коды 161101113, индексі 1-ИС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (коды 161101113, индексі 1-ИС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;