Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 49 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2023 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.