«Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 15 ақпандағы № 63 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 15 ақпандағы № 63 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:

1-тармақта:

10) тармақша алып тасталсын;

11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«11) техникалық минимум - конденсациялық, жылуландыру, газ турбиналық және бу-газ электр станциялары үшін - тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін - Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төмен рұқсат етілетін электр қуатының қосындысы, МВт;»;

14) және 15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«14) электр қуатын төмендетудің аттестатталған жылдамдығы - генерацияның электр қуатын төмендету жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасында тіркелген энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын төмендету жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;

15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы - генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы уақыт ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;»;

9-тармақтың 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.