(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЙЫМДАРДЫҢ ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ...

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығы

(2022.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022.08.06. № 324 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына және «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоспарланған отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.30.09. № 514 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.08.06. № 324 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Мыналар осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген толтырылған нысандарды электронды түрде «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы ақпараттық жүйесіне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынсын және электронды сандық қол қойып куәландырсын:

1) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.