«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 және «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу және «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 және «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 100-НҚ бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 270-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ 2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Жергілікті атқарушы органдар ішкі сауданы дамытуға халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекітеді.
Халықтың сауда алаңымен нақты қамтамасыз етілуі мынадай формула бойынша есептеледі:
А = В / С, мұнда
А - 1000 адамға шаққанда халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуі;
В - сауда алаңы, шаршы метр;
С - халық саны, мың адам.».