Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 157 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 365 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 30 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.14.07. № 382 бұйрығымен (2023 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.13.04. № 157 бұйрығымен (2026 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 105) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағида бекітілсін.