Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 ж. 19 қаңтардағы № 6 қаулысы
(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
3. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
| Төраға | Б.Жәмішев |
Қазақстан Республикасының қаржы
рыногын және қаржылық ұйымдарды
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 19 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен
Бекітілген
Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі
Нұсқаулық