«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 749 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ерекше мәртебе - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің орнықты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін мәртебесі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабында айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асырады және құзыреттерге ие болады.