(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТ МЕМЛЕКЕТТІҢ АУМАҒЫНДА КОНСУЛДЫҚ ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАҒ...

Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығы

(2023.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Сыртқы істер министрінің 2022.31.01. № 11-1-4/37 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Салық және бюджетке төленетін Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітілсін.

2. Осы Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Сыртқы істер министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнама белгілеген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.