«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2016 жылғы 23 мамырдағы № 250 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10480 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) мынадай өзгертістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 23-бабы 2-тармағына, 462-бабы 3-тармағына және 547-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық заңнамасында көзделген жағдайларда кейіннен бюджетке аудару үшін қолма-қол ақша қабылдау кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар пайдаланатын қатаң есептілік бланкі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;