«Арыс қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 31/181-VIII шешiмi

Арыс қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 31/181-VIII шешiмi

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Арыс қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы

Қ. Ахметов

 

Арыс қалалық мәслихатының

2025 жылғы 24 сәуірдегі

31/181-VІІІ шешімімен бекітілген

 

 

Арыс қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспары

 

Осы Арыс қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі-жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Мемлекеттік статистика туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 34831 болып тіркелді), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.