«Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 428 шешiмi

Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 428 шешiмi

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты, депутаттарының бастамашылығы бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 420 «Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1601 рет санымен тіркелген, 2019 жылғы 21 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 152-153 санында және 2019 жылғы 21 желтоқсандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 152-153 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. Алматы қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 715 255 055,9 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер - 571 749 208,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 3 154 164 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 414 639 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 125 937 044 мың теңге;

2) шығындар - 664 757 812,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік несие беру - 21 504 287 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 348 461 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 50 794 960 мың теңге;

5) бюджеттік дефицит - -21 355 505 мың теңге;

6) бюджет дефицитін қаржыландыру - 21 355 505 мың теңге.»;

6-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 6 128 848мың теңге сомасында бекітілсін.»;

7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«7. Қорғаныс шығындары 3 534 356 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.