«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 23 қарашадағы № 884 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 23 қарашадағы № 884 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20201 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мыналарды жүзеге асырады:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру;

2) құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ құжаттардың белгіленген Тізбеге сәйкестігін тексеру;

3) ХҚКО БЦЖ-да өтінімді ресімдеу.

ЖСН қалыптастыру бойынша өтінімді ресімдеу процесінде ХҚКО БЦЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының паспортының нөмірі енгізіледі. ХҚКО БЦЖ-ны «Бүркіт» БЦЖ-мен интеграциялау арқылы шетел азаматы туралы анықтамалық деректер толтырылады және оның болуын растайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткені туралы факті тексеріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.