(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМ...

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығы

(2026.01.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2026 ж. 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026.13.02. № 74 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13063 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 332 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15288 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 30 маусымда жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.