«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 327 Қаулысы

«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 327 Қаулысы

 

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

15-тармақта:

26-14), 26-15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

«26-14) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;

26-15) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;»;

мынадай мазмұндағы 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21), 26-22), 26-23), 26-24), 26-25) тармақшалармен толықтыру:

«26-16) тиісті аумақта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

26-17) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тартуға жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;

26-18) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектордың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.