«Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 475 бұйрығы

«Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 475 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15539 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларында:

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жоғары әскери білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ӘОО-ларда оқуға іріктеу оқуды шетелдік ӘОО-ларда жалғастыруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының (бұдан әрі - ҚР ҚМ ӘОО) бірінші курсында оқитын әскери қызметшілер қатарынан іріктеу жылының 20 тамызына дейін ҚР ҚМ ӘОО бастығының атына берілген баянат негізінде жүзеге асырылады.»;

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шетелдік ӘОО-ларға әскери қызметшілерді іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен іріктеу жылының 10 тамызына дейін құрылады.

5. Комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары қатарынан біреу тағайындалады, ҚР ҚМ ӘОО бастығы төрағаның орынбасары болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.