«Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 168 бұйрығы

«Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 168 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:

5-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне талдау жүргізу;»;

«8) ғылыми білімдерді денсаулық сақтау саясаты мен практикасына трансляциялауға, реформалар мен басқарушылық шешімдерді әзірлеуде ғылыми негізделген тәсілді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобалар мен бағдарламалардың енгізілу нәтижелеріне, олардың денсаулық сақтау жүйесінің сапасына, қолжетімділігіне және орнықтылығына, әлеуметтік және экономикалық әсеріне ықпалын ескере отырып, талдау жүргізеді;»;

«9) денсаулық сақтау саласындағы реформаларды, нормативтік өзгерістер мен басқарушылық шешімдерді ғылыми тұрғыдан негіздеу мақсатында ғылыми-талдамалық шолулар мен Policy Brief (нақты деректерге негізделген талдамалық анықтамалар) әзірлеуді және қарауды ұйымдастырады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.