Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 386 шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 тіркелген, 2017 жылғы 28 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: