(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮЙІ ТУРАЛЫ ҮЛГІ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУ...

Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2022 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің м.а.

2022 жылғы 17 наурыздағы

№ 101 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жасөспірімдер үйі туралы

 үлгі қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталықтары) (бұдан әрі - Жасөспірімдер үйі) туралы үлгі қағидалары «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібін айқындайды.

 

 

2-тарау. Жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.