«Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығы (2025.19.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығы

(2025.19.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.02.10. № 264 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.02.10. № 264 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 246-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8648 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.