Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
2-қосымша
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.16.08. № 132 Қаулысымен алып тасталды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
«Валюталық операцияны тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.24.02. берілген өзгерістермен)
1. «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігі.