«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 169 бұйрығы

 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 22 қазандағы № 169 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларында (бұдан әрі – Ережелер):

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ТЖМ арнаулы оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тіркелген тұрғылықты жері бойынша Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ТЖД) кадр қызметтеріне еркін нысанда өтініш береді.

Өтінішке мыналар қоса беріледі (қағаз немесе электронды форматта):

1) жеке куәлігінің көшірмесі;

2) фотосуреттер (бас киімсіз, өлшемі 3,5х4,5 см алты фотосурет, өлшемі 10х12 см бір фотосурет);

3) өз қолымен толтырылған өмірбаян;

4) білімі туралы аттестатының немесе дипломының көшірмесі қосымшаларымен;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.