(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЛАЛАРДА КРЕДИТ БЕРУ/МИКРОКРЕДИТ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫН ...

Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 33 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.