Қазақстан Республикасының
Заңы
Құқық қорғау қызметі туралы
(2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аттестаттаудан кейінгі дамыту - құқық қорғау органы қызметкерінің аттестаттау нәтижелері бойынша дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ауыстыру - қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;