«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 15-қосымша) (2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.25.12. № 446 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

15-қосымша

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

1) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - Орталық);

2) тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда - кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Орталыққа жүгінген кезде - құжаттар пакетін тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні;

құжаттар пакетін ауылдық округ әкіміне тапсырған сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

2) Орталықта, ауылдық округ әкімінде құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты - 30 минут;

3) Орталықта, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.