ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2018 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 8 449 915 213 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 5 396 067 257 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 126 736 258 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 5 620 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 921 491 698 мың теңге;
2) шығындар - 8 965 833 773 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 91 562 931 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 219 934 373 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 128 371 442 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 32 085 188 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 32 085 188 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -639 566 679 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,1 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 639 566 679 мың теңге.
2-бап. 2018 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 39 100 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 813 260 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2018 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:
1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;