Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 170 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-Ө бұйрығының 20-тармағы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес;
2) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;