«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 12-6 Қаулысы (күші жойылды)

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 12-6 Қаулысы

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 7 қыркүйектегі; 2021 жылғы 22 қыркүйектегі; 2021 жылғы 29 қыркүйектегі; 2021 жылғы 7 қазандағы; 2021 жылғы 13 қазандағы; 2021 жылғы 20 қазандағы шешімдерін;

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 47 қаулысын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

Ауыр жіті респираторлық синдром-2 (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - CОVІD-19) сырқаттанушылық бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 19,3%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,986 құрағанын анықтадым.

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында CОVІD-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африка» В.1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорк»), «ета» («нигерлік») және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшалары, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 16-тармақтың 8) тармақшасындағы 1-абзацтағы «және ҚР БМСД № 38 қаулысының 36-қосымшасына» деген сөз тіркесі алынып тасталсын және келесі редакцияда жазылсын:

«- 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхатқа қол қоюға, алуға және үй карантині талаптарын сақтауға;»;

2) 2 және 3 қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

 

 

Қ. Турдиев

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 21 қазандағы

№ 12-6 қаулысына

1-қосымша

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 6 қыркүйектегі

№ 12 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 44 қаулысына

4-қосымша

 

 

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін
шектеу өлшемшарттары

 

№

Объектілер/салалар

****

Жасыл аймақ

Сары аймақ

Қызыл аймақ

1

2

3

4

5

1.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*

✓

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай

✓

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай

✓

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

+

тәулік бойы

Жазғы алаңдар

+

+

+

Фуд-корттар

✓

толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

✓

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай

✓

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай

Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде

Банкет залдары**

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

✓

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай

✓

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай

✓

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

2.

Сауналар, моншалар

+

+

+

3.

СПА-орталықтар

+

+

+

4.

Бассейндер

+

+

+

5.

Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога- орталықтарды қоса алғанда

+

+

+

6.

Мәдениет объектілері (дайындық)

✓

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компоненттен вакцинацияланған адамдар

✓

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компоненттен вакцинацияланған адамдар

✓

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компоненттен вакцинацияланған адамдар

7.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

✓

50%-дан асырмай

толтыру

✓

40%-дан асырмай

толтыру

✓

30%-дан асырмай толтыру

8.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

✓

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

✓

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

9.

Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар

+

+

+

10

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

✓

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

✓

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

11

Бильярд

✓

50%-дан асырмай толтыру

✓

50%-дан артық емес толтырылған кезде

✓

30%-дан артық емес толтырылған кезде

12

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

✓

60%-дан асырмай толтыру

✓

50%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

✓

30%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

13

Боулинг

✓

50%-дан асырмай толтыру

✓

50%-дан артық емес толтырылған кезде

✓

30%-дан артық емес толтырылған кезде

14

Караоке

✓

50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде

✓

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде

✓

50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде

15

Океанариум

✓

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

✓

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

✓

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

16

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

17

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

18

Алаңы 1000 ш.м-ді дейінгіні қоса алғанда болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

✓

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

✓

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

✓

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

Алаңы 1000 ш.м-ден астам болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

✓

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

✓

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

✓

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

19

Цирктер

✓

50%-дан артық емес толтырылған кезде

✓

40%-дан артық емес толтырылған кезде

✓

30%-дан артық емес толтырылған кезде

20

Отельдер, қонақ үйлер

+

+

+

21

Әуежайлар

+

+

+

22

Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері

+

+

+

23

ХҚО

+

+

+

24

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

+

+

25

Базарлар (жабық)

+

+

+

26

Балаларды сауықтыру ұйымдары

+

+

✓

50%-дан артық емес толтырылған кезде

27

Букмекерлік конторалар

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

✓

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

28

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

+

+

✓

алдын ала жазылу бойынша

29

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал)

+

+

+

 

Ескертпе:

жұмыс және демалыс күндері:

- «қызыл» және «қоңыр қызыл» аймақтарда орналасқан өңірлерде - сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 02.00-ге дейін;

- «сары» аймақта орналасқан өңірлерде - сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 03.00-ге дейін;

- «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде - сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін - сағат 05.00-ге дейін мынадай жұмыс режимін белгіленуді қамтамасыз етсін.

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс істеуіне жол беріледі.

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

«✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» - қызметіне тыйым салынған;

* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;

** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;

*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);

**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);

***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.»;

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 21 қазандағы

№ 12-6 қаулысына

2-қосымша

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 6 қыркүйектегі

№ 12 қаулысына

3-қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 44 қаулысына

5-қосымша

 

 

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін
шектеу өлшемшарттары, «жасыл мәртебе» болған кезде

 

№ р/н

Объектілер/сала

****

Жасыл аймақ

Сары аймақ

Қызыл аймақ

1

2

3

4

5

1.

Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу

✓

50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде

✓

50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде

✓

50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде

2.

Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар

✓

50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде

✓

50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде

✓

50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде

3.

Көрмелер

✓

толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 500 келушіден асырмай

✓

толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 300 келушіден асырмай

✓

толтырылуын 70%-дан асырмаған жағдайда, бір мезетте 200 келушіден асырмай

4.

Марафондар (ашық ауада)

✓

1000 адамнан асырмай

✓

800 адамнан асырмай

✓

500 адамнан асырмай

5.

Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар

✓

толтырылуын 80%-дан асырмай

✓

толтырылуын 70%-дан асырмай

✓

толтырылуын 50%-дан асырмай

6.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)

✓

толтырылуын 50%-дан асырмай

✓

толтырылуын 30%-дан асырмай

✓

толтырылуын 20%-дан асырмай

7.

Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету)

✓

толтырылуын 50%-дан асырмай

✓

толтырылуын 30%-дан асырмай

✓

толтырылуын 20%-дан асырмай

8.

Ойын клубтары (казино)

+

+

✓

50 адамнан асырмай

9.

Түнгі клубтар

✓

50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде

✓

50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде

✓

50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде