«Астана қаласы мәслихатының Астана қаласының аумағында құрылыс салу мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімі

Астана қаласы мәслихатының Астана қаласының аумағында құрылыс салу мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімі

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласы мәслихатының құрылыс салу мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күші осы шешімге қосымшаға сәйкес жойылсын.

2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Астана қаласы мәслихатының

 2016 жылғы 9 қарашадағы

№ 69/11-VI шешіміне қосымша

 

 

Астана қаласы мәслихатының аумақтық құрылыс салу
мәселелері жөніндегі кейбір күші жойылған шешімдерінің
тізбесі

 

1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі «Астана ақшамы» газетінің № 45 нөмірінде, 2011 жылғы 21 сәуірдегі «Вечерняя Астана» газетінің № 47 нөмірінде жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.