«Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 992 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16361 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Акциздік бекеттің қызметін басқару және үйлестіру акцизделетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі - мемлекеттік кірістер органдары) басшылары жүзеге асырады.»;
7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:
1) Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын салық төлеушінің сақтауын;
2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын, атап айтқанда: