«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 427 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 14 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Комитет төрағасының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.».
19-тармақтың 7), 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын, Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;