«Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 530 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16376 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
аумақтық орган - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi;
жоспарлы бақылау - жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізілетін жеке сот орындаушысының қызметін атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;
жоспардан тыс бақылау - жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен кезде не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айқындайтын басқа да ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қызметін, атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;
уәкілетті орган - атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: